Халал емес — Адал! Харам емес — Арам! Жұмъа емес— Жұма! Никах емес— Неке! Минбар емес— Мінбер! Баракаллаһ емес— Бәрекелді! Аллаһ емес— АЛЛА! (ҚМДБ- нің шешімімен) Альхамдуллилаһ емес - Құдайға шүкір немесе Әлхамдулла! Мүбарак емес— Құтты болсын ! Ақи емес— Бауырым ! Ифтар емес — Ауызашар ! Иншаллаһ емес - Құдай қаласа, Құдай бұйыртса, Алла нәсіп етсе ... Ал Аллаһ - тек Оллахи, Иллахи нұсқасында айтылғанда ғана ҚАЗАҚША шығады. Оллахи шыным осы. Осылай, сихр емес сиқыр, нафс емес нәпсі деп тізбелей беруіме болады. Пы Сы: Мұсылман бауырлар орысшадан енді құтылып келе жатқанымызда, арабшаларыңды тықпаламай қоя тұрыңдаршы. Құран, намаз оқығанда сөз жоқ арабша оқиық, сөздерді құранда жазылғандай қолданайық! Хұтба, такбир, тахрима, һидаят, рүкін, хузур, иффа, хилм, зуһд, куфр, Ъайн дейсіңдер ме, әлде кифая, фарыз, бұлуғ, ақида, мұстахап,мубах, муфсид дейсіңдер ме қалай һыһылдасаңдар да еріктерің. Бірақ араби емес адами қарым қатынаста, өмірде ол сөздерді Қазақы мақаммен, Қазақы әуезбен қолданыңыздар. Тілімізді "БЫЛҒАУҒА" сендерге ешкім құқық берген жоқ. Әлде Ливия мен Сирияға бара алмай, ИГИЛ-ға қосыла алмай мыстарың құрып ҚАЗАҚ тіліне ЖИҺАД жарияладыңдар ма?! Қазақы тамырдан арылып қалмаңдар. Құдай Жар болсын бәріңе! Ерболат Қошқарбаев

Теги других блогов: Казахстан Халал емес Адал